Қызылтам мавзолейі – су қоймасының жағасында орналасқан Естектау төбесінде тұр, ортағасырлық танымал Абат – Байтақ ескерткіштер қатарына жатады.
XX ғ. басындағы И.А.Кастаньенің берілімдері бойынша кесене аркалық негіздегі (тромп) екі күмбезді болған. Сонымен қатар 1984 жылы ҚазССР-і тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының Ақтөбе экспедициясы зерттеген (жетекшісі – Әжіғалиев С.И.).
Қызылтам мавзолейі квадрат тәрізді (6,05×6,05 м.) кесене, оның бұл өлшемдері Челябідегі Кесене өлшемдерімен сәйкес келеді. Жоғарыда көрсетілген кесенелер тәрізді Қызылтамның сыртқы күмбезі шатырлы болып келуі мүмкін. Ескерткіш өлшемдері 24×24×5, 5-6 см (Абат-Байтақ кесенесі секілді) құрайтын күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Қазіргі таңда төрттіктің солтүстік-солтүстік-батыс жары мен кейбір аралық бөлшектері сақталған.Солтүстік-батыс бұрышындағы интерьерде парусты-негіздің табандары сақталған. Ескерткіштің сақталып қалған жарының биіктігі - 3,75 м.
Көршілес төбелер мен баурайларда бірнеше ондаған құлпытастары батыс жағына қойылған тасты қоршау ретіндегі бейіт үсті ескерткіштері орналасқан. Бұлар стелаларының типі жағынан қобда-елек тобына кіреді, бірақ олардың ішінде өзіне тән түрлеріде кездеседі мысалы: басы дискі тәрізді құлпытастар, шар тәріздес элементтер. Бұдан басқа осы қорымның қашалған стелалары (сонымен қатар Целинный ауылының бейіттерінде) Батыс Қазақстандағы тас қашау өнерінің зерттелгендерінің ішіндегі неғұрлым солтүстікте орналасуы маңызды мәнге ие.
Я.Я.Полферовтың жазып алған аңызы бойынша ескерткіштің пайда болуы XVII ғасыр басындағы Хиуа ханы Араб-Мұхамедтің қалмақтың Бадмай атты қолбасшысының қызына сәтсіз құда түсуі тарихымен байланысты.
Бүгінде төрт қабырғаның солтүстік-шығыс бөлігі мен көршілес қабырғалардың бөліктері ғана қалған. Солтүстік-шығыс бұрышында бес желқайық – тромптар сақталған. Ескерткіштің биік сақталған бұрышы – 3,75 м.
Қызылтам мавзолейі солтүстік Арал-Каспий аймағында орналасқан күйдірілген кірпіштен тұрғызылған кейінгі орта ғасыр дәуіріне жататын сирек кездесетін мавзолей болып табылады.